Ерекше лагерьлер: Минеральный. Горный. Дубравный. Береговой

УДК 94(470)
ББК 63.3(2)614-361
Е66
Ерекше лагерьлер: Минеральный. Горный. Дубравный. Береговой/жалпы ред. басқ. Н.О. Дулатбеков. – Алматы, 2015. – 933 бет.
ISBN 978-601-273-266-5

Бұл ғылыми-зерттеу еңбегінде КСРО ІІМ Лагерьлер бас басқармасының кезінде Ресей аумағында ұйымдастырылған ерекше лагерьлер (№1 Минеральный, №2 Горный, №3 Дубравный және №5 Береговой) тарихының проблемалары басым көпшілігі ғылыми айналымға алғаш рет еніп отырған ауқымды қүжаттық материалдар негізінде байыпталып, мәселенің осыған дейін аз зерттелген тұстары қарастырылады. Тұтқындардың саны мен құрамы, лагерьдегі өмірі, оларға көрсетілген медициналъқ қызмет сапасы, ауру түрлері мен өлім-жітім, еңбекке пайдалану сипаты мен ауқымы, сонымен бірге лагерь жеке құрамының жұмыс сипаты барынша жан-жақты талданады.

Ғылыми-зерттеу еңбегі XX ғасырдағы саяси қуғын-сүргін тарихының проблемаларымен айналысатын оқырмандар қауымына арналған.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.