Бір ел-бір кітап

2019 жылдың 26 қыркүйегінде Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Bolashaq» академиясымен бірлесіп Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы өткен болатын. Аталмыш акция аясында Ә. Кекілбаевтың 80 жылдығы мен ақын, драматург Ә. Тәжібаевтың 110 жылдығына орай ұйымдастырылған «Заманның заңғар тұлғалары» атты онлайн конференция өтіп, өскелең жас ұрпақты рухани тәрбиелеудегі ортақ іске жұмыла кірісті. Бұл республикалық онлайн конференцияға акалемиямыздың аға оқытушысы Ерзат Ермағамбетов қатысып, Әбіш Кекілбаев пен Әбділда Тәжібаевтың шығармашылығынан біраз келелі ойлар қозғады. Семинар Орал қаласының әдебиетші ғалымдары һәм жастарының қатысуымен көптеген сұрақтар талқыланды. Конференция соңында алғыс хаттар тапсырылды.



Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.