“Bolashaq” академиясының кітапханасы оқырмандарды қордың жаңа өнімдерімен таныстыруды жалғастыруда.
Сіздердің назарларыңызға кітапхана қорына келіп түскен қазақ тіліндегі әдебиеттерді ұсынамыз.
Кітапхана оқырмандарды Абай көшесі, 17 үй мекен-жайына шақырады.
67.71(5 Каз)
Қ 18
Жоба жетекшісі және авторы – Қайрат МӘМИ, заң ғылымдарының докторы, профессор. «Қазақстандағы сот билігі. Өткен тарихы мен бүгінгі мәртебесі». – «Судебная власть в Казахстане. История и современность». – «Judicial power in Kazakhstan. History and the present». – Астана: Деловой Мир Астана, 2016. – 400 б. – қазақша, орысша, ағылшынша
ISBN 978-601-7259-95-2
Еліміздің ежелден келе жатқан мемлекеттік билігін және сот жүйесін қамтыған «Қазақстандағы сот билігі» кітабы Қазақ хан- дығының 550 жылдық және Республика тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойларына орай шығарылды. Біздің жыл санауымызға дейінгі Сақ-Сармат, Ғұн, Үйсін, Қаңлы одан бергі көне түркілік мемлекеттерден бастау алған қазақ жеріндегі байырғы елдік құрылымдар мен құқықтық жүйелер, Қазақ хандығы және патшалық Ресей кезіндегі ел басқару мен оған қызмет еткен билер соты тарихи танымдық тұрғыда баяндалған. Еліміздің Кеңестер Одағындағы сот жүйесі және Қазақстан тәуелсіздік алған уақыттан бергі 25 жыл ішіндегі құқықтық, демо- кратиялық мемлекет құру, соған лайық әлемдік стандартқа сай сот билігін қалыптастыру жан-жақты қамтылған. Кітап көркемсуретті. Түрлі тарихи көне жазбаша құжаттар, деректермен безендірілген. Көпшілікке және заңгер мамандарға арналған. Қазақ, орыс, ағылшын тілінде жазылды.
Выпуск книги «Судебная власть в Казахстане», которая охватывает историю государственной власти и судебной системы нашего народа с древнейших времен, приурочен к 550-летию Казахского ханства и 25-ой годовщине независимости Республики. Древние формы правления и правовые системы саков и сарматов, гуннов, уйсунов, канглы, проживавших до нашего летоисчисления, древних тюркских государств, система управления и суд биев в Казахском ханстве, далее в период его вхождения в состав царской России изложены с исторической точки зрения. В книге всесторонне освещены судебная система, существовавшая в период Советского Союза, и процесс формирования правового, демократического государства со времени объявления независимости Казахстана 25 лет назад, а также соответствующая мировым стандартам современная судебная система страны. Книга иллюстрирована различными историческими и письменными документами, данными. Предназначена широкой публике и специалистам-юристам. На казахском, русском, английском языках.
Release of the book «The Judicial power in Kazakhstan», which covers the history of the government and the judicial system of our people in ancient times, is timed to the 550th anniversary of the Kazakh Khanate and the 25th anniversary of independence of the Republic. The ancient form of government and legal systems of Saks and Sarmats, Huns, Uysuns, Kanglys who lived before our era, then the ancient Turkic states, the system of control and the court of biys in the Kazakh Khanate, later in the period of its becoming a part of tsarist Russia, are set out from a historical perspective. The book comprehensively covers a judicial system that existed in our country during the period of the Soviet Union and the formation of a legal, democratic state, since Kazakhstan declared its independence 25 years ago, as well as a judicial system worthy of such development corresponding to world standards. The book is illustrated. It is framed by various historical and written documents, data. It is intended to the general public and legal professionals. It is in Kazakh, Russian and English languages.
Титульный-62Скачать
Содержание-20Скачать
67.75
Ф 11
Ф.Н. Плеваконың сот мәжілісіндегі таңдамалы сөздері. /Ау- дармашы-жауапты редактор Е.Алауханов. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2014. – 472 б.
ISBN 978-9965-22-474-4
ХІХ-ХХ ғасырда өмір сүрген, әлемге танымал, атақты Ресей адвокаты, қазақтың жиені Ф.Н.Плеваконың сот мәжілісіндегі таң- дамалы сөздері тұңғыш рет түпнұсқадан қазақ тіліне аударылып отыр. Бұл кітап заң жоғары оқу орындары мен факультеттерінің сту- денттеріне, оқытушыларына және жалпы зиялы қауым өкілдеріне арналған.
Пікір жазғандар: Хабылсаят Әбішев – ҚР Бас Прокурорының аса маңызды істер бойынша аға көмекшісі, заң ғылымдарының кандидаты, Темірғали Көпбаев – «Қазыгұрт» баспасының президенті, халықаралық- «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, Аманхан Әлім -«Ақиқат» журналының Бас редакторы, ақын, М.Мақа- таев атындағы жазушылар одағы сыйлығының лауреаты. Есберген Алауханов – кітатапты аударған және жауапты редакторы, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Криминологтар Ассоциациясының, Санкт-Петербург, Москва Криминологтар клубтарының мүшесі, Халықаралық Қазақстан Криминологтар клубының Президенті, Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі, «Наука и Жизнь Казахстана» халықаралық журналының Бас редакторы.
Содержание-21Скачать
Титульный-63Скачать