17 мая 2018 года в рамках проекта Рухани жаңғыру “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” Академия “Болашақ” получила 17 названий, 974 экземпляра новых учебников, которые используются в лучших университетах мира.
87.3(0)я73 К 30 КенниЭнтони
Батыс философиясының жаңа тарихы, 1-том, Антика философиясы. – Алматы: “Ұлттық аударма бюросы” қоғамдық қоры, 2018. – 408 б. ISBN 978-601-7943-01-1
Ежелгі Жерорта теңізі маңындағы философияның тууы және өркендеуі, ойлау мен пайымдаудың өрісі жөніндегі бұл тамаша тарихи баян Батыстағы ой мен қоғам дамуының бағыт-бағдарына арналған.
Сэр Энтони Кеннидің бұл кітабындағы әңгіме өзегі Пифагор мен Фалестен басталып, философия алауын христиан ғасырына табыстаған қасиетті Аугустинмен аяқталады. Тарихи баянның тақырыптық арқауы философияда туындаған сауалдарды келесі екі мыңжылдыққа мұра етіп кеткен және әр кезеңдегідей дәл бүгін де ықпалы бәсеңсімеген екі үлкен тұлға – Платон мен Аристотельге негізделген.
Бұл – Батыс өркениетінің түп-тамырын түсінгісі келетін орта үшін философия тарихына арналған төрт бөліктен тұратын топтаманың бірінші томы.
Сэр Энтони Кенни Британ академиясының президенті және Оксфорд университетінің вице-канцлері болған. Ол ақыл-ой философиясы, дін философиясы және философия тарихы жөніндегі көптеген танымал кітаптардың авторы, сондай-ақ Аристотель, Акуинолық Томас, Декарт және Витгенштейн өмірбаяндары бойынша ғылыми-көпшілік еңбектер жазған танымал ғалым.
87я73Б 25 Барнард А.
Антропология тарихы мен теориясы. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 240 б. ISBN 978-601-7943-16-5
Кез келген пәнді жете түсіну үшін оның тарихын білудің маңызы зор. Алан Барнард антропология пәнінің қалыптасуындағы көзқарастардың даму тарихын зерттеп, теориялар мен мектептердің шығу тегін талдап, түрлі идеялар төңірегіндегі пікірталасты сараптап, жүйелеген. Бұл оқулық – сол жұмыстың нәтижесі.
Кітап мазмұны антропология ғылымының қалыптасу тарихын, ондағы эволюция теориясы туралы тұжырымдарды, диффузионистік және тарихи-мәдени аймақтар теорияларын, функционализм және құрылымды-функционализм, әрекетке негізделген теорияларды, процессуалдық және маркстік көзқарастағы зерттеулерді, релятивизм, структурализм мен постструктурализмнің түрлі салаларын және енді ғана қалыптасып жатқан интерпретациялық және постмодернистік көзқарастарға қатысты тақырыптарды кеңінен қамтыған.
Бұл оқулық антропология тарихы мен теориясын меңгеруге ден қойған студенттер мен жас мамандарға арналған.
60.5 Б 80 Бринкерхоф Д, Уейтс Р., Ортега С.
Әлеуметтану негіздері. 9-басылым. – Алматы: Ұл ттық аударма бюросы, 2018. – 464 б. ISBN 978-601-7943-15-8
“Әлеуметтану негіздері” оқулығы қоғам және оның құрылымы, қоғамдағы түрлі әрекеттер мен мінез-құлықтар туралы, адамның рухани және материалдық мәдениеті мен құндылықтары жөнінде кең мағлұмат береді. Оқу құралы әлеуметтанудың негізгі ұғымдарын, зерттеу әдістері мен теорияларын саралап, әлеуметтанушы мамандардың оқу орнындағы, үкіметтегі, бизнестегі, коммерциялық емес ұйымдардағы және қоғамдағы рөлін көрсетеді.
Мәдениет және оған қатысты теориялық көзқарастар, оның әралуандығы мен жаһандануға байланысты тақырыптар қамтылып, қоғамдағы институттар туралы толыққанды ақпарат беріледі, қоғам құрылысы, топтар, желілер, ұйымдар және олардың қызметтерi талданады.
Оқулық әлеуметтануға қызығатын ортаға, студенттер мен магистранттарға арналған.
60.5я73 Р 51 Ритцер Д., Степницки Д.
Әлеуметтану теориясы. 10-басылым. – Алматы: “Үлттық аударма бюросы” коғамдық коры, 2018. – 856 б. ISBN 978-601-7943-17-2
Әлеуметтану ғылымының даму ерекшеліктері тарихи тұрғыдан баяндалатын бұл кітапта авторлар әлеуметтану ғылымының өзекті мәселелерін классикалық және қазіргі көзқарастармен ұштастырған. Кітаптың бірінші бөлімінде ежелгі дәуірдегі әлеуметтік ой мен сол кезең өкілдерінің көзқарастары, әлеуметтану ғылымының негізін салған ойшылдардың өмірбаяны мен басты идеялары, екінші бөлімінде қазіргі әлеуметтану теориясының негізгі мектептері туралы сөз болады. Құрылымдық функционализм, структурализм, неомарксизм, символикалық интеракционизм, этнометодология, айырбас, желілік, рационалды таңдау, қазіргі феминистік, микро-, макроинтеграциялық және басқа да теориялар әлеуметтану ғылымының көппарадигмалық мазмұнын жан-жақты көрсетеді. Ал қорытынды бөлімде модерннен постмодернге дейінгі және одан кейінгі модерннің заманауи теориялары – нәсілшілдік пен отаршылдық, жаһандану, структурализм, постструктурализм, постмодерндік теориялар, яғни XXI ғасыр теорияларының даму үрдістері кеңінен сипатталады.
Оқулық әлеуметтану саласын зерттеуші мамандар мен оқытушыларға, әлеуметтану пәні арнайы оқытылатын жоғары оқу орнының студенттеріне, сондай-ақ осы ғылымға қызығушылық танытқан оқырманға арналған.
Авторлар туралы | Алғы сөз | Биографиялық және автобиографиялық шолулар |
Қысқаша мазмұны | Ризашылық | Толық мазмұны |
88.5я73 М 13 Майерс Д., Туенж Ж.
Әлеуметтік психология. 12-басылым. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 648 б. ISBN 978-601-7943-08-0
Дэвид Майерс пен Жан Туенждің “Әлеуметтік психология” оқулығының 12-басылымы аталған пәннің негізгі бағыттарын толық қамтиды. Кітапта күнделікті өмірде кездесетін әлеуметтік құбылыстардың психологиялық астары жан-жақты қарастырылған. Жеке тұлға, топ ішіндегі қарым-қатынас, тұлғаның түрлі әлеуметтік процестердегі рөлі, негізгі қызметі, даму өрісі сияқты әлеуметтік құбылыстардың психологиялық заңдылықтары заманауи зерттеулермен толықтырылып, тәжірибелік мысалдармен дәйектелген.
Бұл оқулық әлеуметтік психология саласын зерттеп, зерделеп жүрген мамандар мен оқытушыларға және әлеуметтік психология пәнін арнайы оқитын жоғары оқу орнының студенттері мен аталған ғылымға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.НЫС
88.1 Ш 92 Шульц Д. П., Шульц С. Э.
Қазіргі психология тарихы. 11-басылым. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы. – 2018. – 448 б. ISBN 978-601-7943-12-7
“Қазіргі психология тарихы” кітабының 11-басылымы – психология пәні бойынша қазақ тіліне аударылған санаулы еңбектердің бірі. Психологияның пән ретінде қалыптасуынан бастап, ондағы түрлі ағымдар мен көзқарастарды ойшылдардың жеке өмірі мен оған айтылған сын – пікірлер арқылы баяндайтын оқулық аталмыш саладағы соңғы жаңалыктарды да қамтиды. Психология тарихындағы маңызды тұлғалардың “Өзі окыған дәрістен” айдары арқылы берілген түпнұска дәрістер – ізденушілер үшін таптырмас дүние. Оқырмандар бұл кітаптан бұрынғы басылымдарда жарияланбаған Фрейдтің хаттары, XVII ғасырдағы механикалық мүсіндер мен бүгінгі роботтардың арасындағы байланыс, Екінші дүниежүзілік соғыстың Америка психологиясының өсіп-өркендеуіне еткен ықпалы, Алессандро Вольтаның “таңғажайып” зерттеуі сияқты бірқатар қызықты мәліметгермен таныса алады.
Бұл оқулық психология саласын зерттеп, зерделеп жүрген мамандар мен оқытушыларға және психология пәнін арнайы оқитын жоғары оқу орнының студенттері мен аталған ғылымға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.
65.012.1я73 К 86 Куратко Д.Ф.
Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика. 10-басылым. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 480 б. ISBN 978-601-7943-13-4
Бұл кітап ХХІ ғасырдағы экономикалық, қоғамдық жəне əлеуметтік дамудың басты қозғаушы күші болып саналатын кəсіпкерлік құбылысты теориялық жəне практикалық тұрғыдан зерделеуге арналған. Кəсіпкерлікті жете түсіндіру үшін оның негізгі кезеңдерін сипаттайтын – бастау, жоспарлау, қалыптасу жəне даму сатылары жүйелі əрі дəйекті түрде талданған. Кəсіпкерлік идеяны нарыққа шығаруға қажетті ойлау жүйесі мен инновацияның рөлі кеңінен ашып көрсетілген.
Кітаптың мақсаты – оқырманды үздік кəсіпкерлік тəжірибемен таныстырып, практикалық жəне эксперименттік оқыту əдістері арқылы кəсіпкерлікке қажет дағдыларды сіңіру. Кітап бизнес жүргізіп отырған кəсіпкерлер мен болашақта кəсіпкер болғысы келетін жастарға, жоғары жəне кəсіби оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, кəсіпкерлікті зерттеп жүрген қауымдастыққа, осы салаға қызығушылығы бар қалың оқырманға арналған. Сондай-ақ, қазақ тіліндегі МВА курсының оқулығы ретінде ұсынылады.
88.4 А 80 Аронсон Эллиот
Көпке үмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологаяға кіріспе. 11-басылым. – Алматы: “Ұлттық аударма бюросы” қоғамдық қоры, 2018. – 408 б. ISBN 978-601-7943-09-7
Белгілі ғалым Эллиот Аронсонның “Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе” атты кітабы әлеуметтік психологияның жаңа қырларын ашады. Мамандар бұл ілімді, cалыстырмалы түрде, ғылымның жас саласы деп есептегенмен, оның алғышарттары Аристотель заманында-ақ көрініс тапқан. Ал Аронсон болса, ХІХ ғасыр соңында іргетасын Триплет қалап, 1930 жылдары К. Левин одан әрі дамытқан әлеуметтік психология ғылымының көкжиегін кеңейтуге тырысады.
Жоғары оқу орындарының студенттеріне, сондай-ақ, қалың оқырман қауымға да қызықты бұл оқулық адамның сыртқы ортаға бағынуы, жағдайға мойынсұнуы, өзін-өзі ақтап алуы, көзсіз сенімге еруі, ұнатуы, ашуға бой алдыруы, үгіт-насихат жетегінде кетуі сияқты маңызды факторларды нақты мысалдар арқылы саралайды. Соның нәтижесінде Аронсон әлеуметтік психологияның ғылыми сала ретінде қалыптасып, өзіндік орнын иеленгендігін негіздеген. Бұл еңбек әлеуметтік психологияға жаңаша қарауға, ең бастысы, адам психологиясындағы ерекшеліктерге мұқият болуға баулиды.
86.2 А 79 Армстронг К.
Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Қудайтану баяны. Алматы: “Ұлттық аударма бюросы” Қоғамдық қоры, 2018. – 432 б. ISBN 978-601-7943-06-6
Санамыздағы бір Құдайға деген сенім қайдан келіп орнықты? Адамзаттың Жаратушы туралы түсінігі қалай өзгеріп отырды? Жаратушыны әлемдік үш ұлы дін – яхудилік, христиандық пен ислам – қандай сипаттарымен таныды? Бұл үш дін бір-біріне қалай ықпал етті?
Автор осы сауалдарға жауап іздеп, тамаша ғылыми зерттеу жасаған: бір кітаптың шеңберінде монотеизмнің тұтас тарихын қамтыған – Ыбырайымнан біздің заманымызға, антикалық философиядан ортағасырдағы мистицизмге, Қайта өрлеу мен реформашылық дәуірдегі рухани ізденістерден қазіргі заманғы скептицизмге дейінгі Жаратушыны тану тарихын баян еткен. Яхудилік, христиандық пен исламның өрісі аясында адамзат ақыл-ойының Жаратушы туралы ұғым-түсінігінің даму кезеңдерін көрсеткен.
Карен Амстронг ханым – ағылшын ғалымы, Батыстағы дін тарихы туралы ілімнің әлемге танымал маманы. “Будда”, “Құдыс: Бір шаһар, үш дін”, “Мұхаммед. Пайғамбардың ғұмыр- намасы”, “Құдай үшін талас. Фундаментализм тарихы” сияқты тамаша еңбектердің авторы. Оның шығармалары әлемнің қырықтан астам тіліне аударылған.
65.290-2я73 Г 83 Гриффин Р.
Менеджмент. 12-басылым. – Алматы: “Ұлттық аударма бюросы” қоғамдық қоры, 2018 – 768 б. ISBN 978-601-7943-14-1
Рикки Гриффиннің “Менеджмент” оқулығы алғаш рет 1984 жылы жарық көрген. Содан бері ол ондаған тілге аударылып, екі миллион данамен таралды. Оқулықтың қазақ тіліндегі алғашқы басылымы ағылшын тіліндегі он екінші басылым негізінде дайындалды. Кітап менеджмент саласында қалыптасқан дәстүрлі түсініктермен қатар, жаңа ұғымдар мен тұжырымдарды да қамтиды.
Менеджер жұмысына тікелей және жанама да әсер ететін этикалық бақылау, қоғамдық жауапкершілік, менеджмент саласының жаһандық сипаты, цифрлық технологиялар, теория мен тәжірибенің ұштасуы сынды категориялардың әрқайсысы нақты кейстер негізінде түсіндіріледі.
Кітап жоғары оқу орындарының студенттеріне, оқытушыларға, кәсіп бастаушы бизнесмендерге, кәсіпорын басшыларына, менеджмент жөніндегі білімін арттырғысы келетін оқырманға арналған және қазақ тіліндегі МВА курсының негізгі оқулықтарының бірі ретінде ұсынылады.
87.3(0)я73 К 30 Кенни Энтони
Батыс философиясының жаңа тарихы, 2-том. Орта ғасыр философиясы. – Алматы: “Ұлттық аударма бюросы” қоғамдық қоры, 2018. – 400 б. ISBN 978-601-7943-02-8
Сэр Энтони Кенни Батыс философиясының жаңа тарихы жөніндегі еңбегін б.д.д. 400 жылдан, яғни христиандық және исламдық ой-сананың негізін салушылардан Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі аралықты қамтитын кезеңді баяндау арқылы жалғастырады. Орта ғасыр – философияның гүлдену кезеңі. Ақыл-ойдың кемелденуі ХІІІ және XIV ғасырда Акуинолық Томас пен Джон Дунс Скот сынды тұлғалардың арқасында шарықтау шегіне жетті. Көпшілік оқырманға арналғанымен, Кеннидің ұлы философтардың ойларын терең талдайтын әңгімелері, ең алдымен, Батыс философиясына ден қойып жүрген студенттерге қызық болмақ.
Энтони Кенни Британ академиясының президенті және Оксфорд университетінің вице-канцлері болған. Ол ақыл-ой философиясы, дін философиясы және философия тарихы жөніндегі көптеген танымал кітаптардың авторы, сондай-ақ Аристотель, Акуинолық Томас, Декарт және Витгенштейннің өмірбаяны жөнінде ғылыми-көпшілік еңбектер жазған.
81.2-923 Ф 87
Фромкин В., Родман Р., Хайамс Н. Тіл біліміне кіріспе. 10-басылым. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 608 б. ISBN 978-601-7943-11-0
Аты айтып тұрғандай, “Тіл біліміне кіріспе” деп аталатын бұл кітап келешек филолог мамандарға, шет тілі филологиясында оқитындарға, жалпы оқырман қауымға лингвистика ғылымы жөнінде алғашқы мағлұмат беруді көздейді. 12 тараудан тұратын кітапта тіл ғылымы, фонетика, грамматика, морфология мен синтаксис мәселелері баяндалады. Тілдік өзгеріс, тілді меңгеру, жазба тілдің негіздері, тіл және адам миы сияқты жекелеген мәселелер де қамтылған.
Бұл кітап “Тіл біліміне кіріспенің” оныншы басылымы болғандықтан, онда елеулі толықтырулар мен жаңалықтар бар. Бұл ақпараттың басым көпшілігі студенттерге лингвистика мәселелері жөнінде жүйелі білім алуға, бұқаралық ақпарат құралдарындағы талқылауға қатысуға және оқытушылар мен студенттерге маңызды лингвистикалық зерттеулерден хабардар болуға көмектеседі. Мұнда тіл және тілді пайдалануға қатысты көкейкесті мәселелерге де жауап табылады. Басылымдағы жаттығулар студенттердің материалдарды қаншалықты игергенін тексеруге мүмкіндік береді.
Кітап тілші ғалымдарға, ағылшын тілін үйренушілерге, филология факультетінің студенттері мен оқытушыларына және тіл біліміне қызығатын жалпы көпшілікке арналған.
81.0-923 Т 35 Тер-Минасова С.Г.
Тіл және мәдениетаралық коммуникация. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 320 б.ISBN 978-601-7943-07-3
Бүгінгі техника мен байланыс құралдарының дамуымен жеке адамдар арасындағы, ұлтаралық, мәдениетаралық байланыс еш кедергісіз, саяси немесе экономикалық шектеуді елемей, табиғи жолмен еркін өріс алуда. Сондықтан өзге жұрттың тілі мен мәдениетін игеру, онымен етене араласа білудің маңызы бұрын-соңды болмаған дәрежеге көтеріліп отыр.
Мәдениетаралық коммуникация – бүгінде кез келген салада қызмет ететін маманға, әр адамға қажетті жаңа пән. Қазақ тілінде алғаш басылып отырған бұл оқулық түрлі ұлт, мәдениет өкілдерінің өзара ұғынысып, ортақ тіл табысуы үшін не маңызды екенін егжей-тегжейлі түсіндіреді.
Кітап тілшілерге, дипломаттарға, әлеуметтанушыларға, психологтер және мәдениеттанушыларға, сондай-ақ, қызметі мен күнделікті өмірде ұлтаралық және мәдениетаралық коммуникация мәселелерімен бетпе-бет келетін көпшілікке арналады.
32.97 Ш 35 Шваб Клаус
Төртінші индустриалық революция. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 200 б.ISBN 978-601-7943-03-5
Біз бүгін баршамыздың өмірімізді де, жұмысымызды да, күнделікті қарым-қатынасымызды да түбегейлі өзгертетін алапат индустриялық революцияның бастауында тұрмыз. Бұл төртінші революция ауқымы, қарымы мен күрделілігі жағынан да осы уақытқа дейінгі адамзат тарихындағы құбылыстардың барлығынан асып түседі. Жасанды интеллектінің, роботтандырудың, робот-автомобильдердің, 3D басып шығарудың, нанотехнологияның, биотехнологияның дамуымен және тағы да толып жатқан ғажайыптардың пайда болуымен барлық салада қарыштап көкке өрлейтін, таңғаларлық технологиялық дүмпуге куә болмақпыз.
Бүкіләлемдік экономикалық Давос форумының негізін қалаушы және тұрақты президенті Клаус Шваб осындай алапат өзгерістердің әлеуетін алдын ала болжап, терең байыптап, оны адамзат игілігіне жарату жолдарын қарастыратын еңбек жазған.
Демек, бұл кітап адамзаттың ортақ болашағы үшін алаңдайтын және революциялық технологияларды қоғам тіршілігіне икемдеуге ниетті жасампаз ортаға арналған.
87.3я73 Д 37Джонстон Д.
Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін. – Алматы: “Ұлттық аударма бюросы” қоғамдык коры, 2018. – 216 б. ISBN 978-601-7943-05-9
Дерек Джонстонның “Философияның қысқаша тарихы” атты бұл еңбегіне философиялық ойдың даму тарихына айрықша үлес қосқан танымал 15 ойшылдың шығармашылығы топтастырылған. Автор Батыс дәстүріндегі көрнекті философтардың негізгі еңбектері мен теорияларын оқырмандарға кезең-кезеңмен таныстыруды көздейді. Кітап тарауларында философтардың өмір сүрген дәуіріне шолу жасалып, сөз болатын шығармалардың негізгі идеяларын талдауға басымдық берілген.
Сондай-ақ жинақта философтардың өмір деректері мен басты еңбектерінің тізімі, сол дәуірдегі ғылыми жаңалықтар мен тарихи оқиғалар, философиялық, әдеби және көркем туындылар да қамтылған. Әр шығармаға арналып оның түйінді идеясын білдіретін ықшам анықтама дайындалған. Тақырыптар хронологиялық ретпен баяндалса да, материал кез келген тараудан бастап түсініп оқи беруге лайықталып, әрқайсысы жеке бітіммен құрастырылған.
87 Х 39 Хесс Р.
Философияның таңдаулы 25 кітабы. – Алматы: “Ұлттық аударма бюросы” қоғамдық қоры, 2018. – 360 б.ISBN 978-601-7943-04-2
Белгілі француз ғалымы Реми Хесстің бұл кітабы жас оқырманды батыстың аса көрнекті ойшылдары және олардың шығармаларымен таныстырады. Осы күрделі міндетті жеңілдету мақсатында, ол батыс философиясы дамуының елеулі кезеңдерін көрсетеді деген 25 шығарманы іріктеп ұсынған. Бұл шығармалар әлемдік ақыл-ой дамуының белесті кезеңдері мен бай қазынасын танытады. Ежелгі заманнан бүгінге дейінгі философия тарихын қамтыған жинақ адамзат ақыл-ойының құнарлы нәрі мен көркем табиғатына енді ден қоя бастаған жас қауымға даналық мәйегін түсінікті де тартымды тілмен баяндайды. Жинақта әр философиялық шығармадағы түйінді идеялар талданып, түсіндірме берілген.
65.01я73 М 95 Мэнкью Грегори Н., Тейлор Марк П.
Экономикс. 4 – халықаралық басылым. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 848 б. ISBN 978-601-7943-10-3
Грегори Мэнкьюдің “Экономикс” оқулығының халықаралық төртінші басылымы – АҚШ бакалавриатында ең көп оқылатын экономика оқулықтарының әлем нарығындағы бүгінгі талаптарға бейімделген нұсқасы.
Экономикалық қатынас субъектілерінің барлығын мысалға ала отырып жазылған кітап бакалавриат деңгейінде білім беру мен оқытуға қажет тапсырма, сызба, сурет, кесте, кейстерді қамтиды. Кітап авторларының басты мақсаты – оқырманды экономист тұрғысынан ойлауға үйрету.
Кітап жоғары оқу орындарының экономика мамандықтарында оқитын студенттерге, оқытушыларға, экономика жөніндегі білімін арттырғысы келетін талапты оқырман қауымға арналған және қазақ тіліндегі МВА курсының негізгі оқулықтарының бірі ретінде ұсынылады.