УДК 519.7(075.8)
ББК 22.2я73
Д 87
Дүзелбаев С.Т., Омарбекова Ә.С. Инженерлік есептеудегі Mathcad: оқулық жоғары кәсіптік мамандар даярлайтын техникалық оқу орындарының студенттеріне арналған. /С.Т.Дүзелбаев, Ә.С.Омарбекова – Алматы: Бастау, 2014. – 288 б.
ISBN 978-601-281-116-2
Оқулық белгілі математикалық пакеттің инженерлік және ғылыми есептеулерде қолданылуының ic жүзіндегі мәселелеріне арналған. Қыскаша кіріспе бөлімі MathCAD-тың негізгі мүмкіншіліктерімен танысуға және тезірек тікелей есептеулерге ауысуға мүмкіншілік жасайды.
Оқулыкта инженерлік есептеулерде қолданылатын сандық әдістерді карастыра отырып, теориялық механика, материалдар механикасы, конструкциялардың беріктігі мен динамикасындағы есептеулерді қоса, инженерлік есептерді шешуге мысалдар келтірілген.
Оқулық әртүрлі техникалық мамандыктарда оқитын студенттерге (бакалавр, магистрант), PhD докторанттарға және ғылыми қызметкерлер мен инженерлерге арналған.
УДК 330(075.8)
ББК 65.012.2я73
Ғ 70
Ғиззатова А.И. Макроэкономика. Оку құралы / А.И.Ғиззатова, А.А.Ким – Алматы, “Бастау” баспасы, 2014. – 408 бет.
ISBN 978-601-7275-64-8
Оку кұралы “Макроэкономика” курсын аралық деңгейде оқып-үйренуге арналған. Оқу құралы Қазакстан Республнкасының Статистика жөніндегі агенттігінің деректерімен бейнеленген теориялық материалдан, негізгі терминдерден, бақылау сұрактары мен тапсырмалардан және тест материалдарынан тұрады. Студенттердің өз бетінше шешуі үшін ұсынылатын есептердің бір бөліктеріне қосымша әдістемелік түсіндірмелер берілген. Студенттердің өз бетінше орындайтын есептері мен тест сұрақтарының жауаптары әр тараудың соңында беріліп отыр.
Бұл оку кұралы студенттерге, магистранттарга. жоғары оку орындарының оқытушыларына, сондай-ақ ғылыммен және нақты іс-тәжірибемен айналысатын қызметкерлерге арналады.
УДК 330(075.8)
ББК 65.053я73
А 31
Айдынов З.П. Мәліметтерді талдау және экономикадағы болжау: оқу құралы З.П.Айдынов. – Алматы: “Бастау” баспасы, 2014. – 240 бет.
ISBN 978-601-281-122-3
Мәліметтерді талдау жэне экономиканы болжау пәні – соңғы жылдары типтік оқу бағдарламасына енгізілген пәндердің бірі. Экономикалық процестер мен кұбылыстарды сипаттайтын мәліметтердің ерекшеліктерін талдау мен болжау бағыттарын игеру және соның негізінде тиімді басқару шешімін қабылдауға негіз бола алатын нақты көрсеткіштерді корытып ала білу арнайы пәндерді оқып үйренуді кажет етеді.
Аталмыш пән бойынша мемлекеттік тілдегі арнайы оқулықтар казіргі уақытта өте тапшы. Ұсынылып отырған оқу кұралы – айтылған мәселені белгілі бір дәрежеде шешуге талпынған қадам. Оқу кұралы бекітілген типтік оқу стандарттарының негізінде жазылған. Мұнда экономикалық мәліметтердің ерекшеліктері мен алыну көздері, кездейсоқ айнымалылардың таралу заңдылықтары, корреляциялық-регрессиялык, кластерлік, факторлық, дискриминанттық талдау негіздері сипатталған. Сонымен қатар мұнда уақыт катарларын модельдеу бағыттары кеңірек айтылды.
Экономикалық мэліметтерді талдау мен болжау бүгінде заманауи есептеу технологияларынсыз жүзеге аспайды. Сондыктан мұнда EXCEL электронды кестесі мен STATISTICA бағдарлама жүйесінің мәліметтерді өңдеу, түрлендіру және корыту бағытындағы мүмкіндіктері кеңінен қарастырылды. Оқу құралындағы берілген мысалдар мен тапсырмалардың көлемі пәннін негізгі қағидалары мен түсініктерін накты игеруге септігін тигізеді.
Оқу кұралы экономикалық мамандық бойынша оқитын студенттерге, магистранттарға және ізденушілерге арналған.