Жинақты баспаға әзірлеген, төте жазудан кириллицаға түсірген – ф.ғ.к., доцент Жандос Шекен.
Мағжан Жұмабайұлы “Сауатты бол!”. – Қарағанды: “Болашақ-Баспа” РББ, 2015. – 121 б.
ISBN 978-601-273-272-6
Бұл кітап Фин Республикасының астанасы Хельсинки қаласындағы Ұлттық кітапхананың қолжазбалар қорында сақталып келеді. Кітап өз тұсында аса зор ағартушылық қызмет атқарған. Жинақтағы сауатсыздықты жою, қазақ халқының мәдениетін көтеру, өркениетті елдер қатарына қосу сияқты құнды ой-пікірлер бүгінгі оқырман үшін де маңызды деп білеміз.