Рахимжанова Р.А. Сыртқы экономикалық қызметті реттеуге қатысты түсіндірме сөздік (қазақ, ағылшын, орыс, қытай тілдерінде) / Р.А. Рахимжанова, А.Ү. Күздеубаев. — Қарағанды: «Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті» КЕАҚ баспасы, 2022. — 133 б. ISBN 978-9965-39-976-3
Басылымда сыртқы экономикалық қызметті реттеу саласына қатысты оқып-үйренудің басты бағыттары қарастырылған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы жаңа кодекс және Кеден одағының Кеден кодексі негізінде дайындалған. Кітаптың негізін қазіргі заманғы отандық және шетелдік теория мен кеден ісі тәжірибесінде кеңінен қолданылатын ұғымдар мен терминдердің түсіндірме сөздігі құрайды. Сөздік төрт тілде: қазақ, ағылшын, орыс жәнс кытай тілдерінде жазылған. Сөздіктің негізгі терминдері заң тілімен жазылған, осы орайда бұл кеден саласына қатысты жұмыс жасайтын отандық және шетелдік заңгерлер, экономистер және кәсіпкерлерлер үшін таптырмас құрал. Студенттерге, магистранттарға, оқытушыларға, ғалымдарға, кеден ісі мәселелерімен айналысатын мамандарға, кәсіпкерлерге арналған.
КБЖ 65.42
Т 65
Төлеуұлы А. Қазакстан Республикасындағы электрондық сауданың дамуы: теориясы, тәжірибесі, механизмдері: монография / А.Төлеуұлы. — Қарағанды: «Акад. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ун-ті» КЕАҚ баспасы, 2022. — 176 б. ISBN 978-601-362-015-2 Монографияда Қазақстан Республикасындағы электрондық сауданың негізгі көрсеткіштері зерттеліп, электрондық сауданың институционалдық қамтамасыз етілуі, цифрлық трансформация жағдайында В2С моделіндегі электрондық сауда нарығына қатысушыларға баға берілген. Қазақстан Республикасындағы электрондық сауданы ұйымдастырудың ағымдық жағдайына ерекше назар бөлінген. Зерттеу логикалық, монографиялық, статистикалық-экономикалық және салыстырмалы талдау әдістерін қолдану арқылы жүргізілді. Қазақстандағы электрондық сауданың дамыту механизмы жетілдіру бағыттары қарастырылған, яғни В2С моделі бөлінісінде электрондық сауданы дамыту бойынша ұсыныстарды жүзеге асыру, электрондық сауданы дамыту үшін мобильді қосымшаның жаңа мүмкіндіктерін енгізу қажеттілігі көрсетілген.
Ұсынылған монография студенттер, магистранттар, докторанттар, колледж студенттері, жоғарғы оқу орындары және техникалық және кәсіби оқу орындарының оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мемлекеттік органдар қызметкерлері үшін де, сондай-ақ халықаралық, аймақтық экономикалық электрондық сауда мәселелерімен айналысатындардың барлығы үшін ғылыми және практикалық қызығушылық тудырады.
32.973.2-018
S 78
Spirina Ye.A. Web technologies: tutorial / Ye.A. Spirina. — Karaganda: Publ. of NLC “Karagandy Univ. of the name of acad. E.A. Buketov”, 2021. — 128 p. ISBN 978-9965-39-946-6 Web technologies are related to the interface between web servers and their clients. This includes markup languages, programming interfaces and languages, and standards for document identification and display. In general web technology incorporates tools and techniques for web development. This tutorial covers basics of web technologies and tools for developing websites and applications, all stages of creating a website and organizing work on each of them. After studying the training material, you will learn how to define customer requirements, choose the site architecture and content to be presented on it, develop navigation schemes, and follow the rules of web design and usability. The textbook is intended for teachers of colleges and higher educational institutions, students and undergraduates.
КБЖ 67.404/67.410я2
А 29
Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша заңдық терминдердің анықтамалық сөздігі: оқу құралы / Г.А. Ильясова, Р.А. Токатов, М.Т. Акимжанова т.б. — Қарағанды: «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ баспасы, 2022. — 318 6. ISBN 978-601-362-088-6
Оқу құралы қазақ тіліндегі заңдык терминдерді бірегейлендіру мақсатында жазылған. Заңдық терминдердің сөздігі қазіргі азаматтық және азаматтык іс жүргізу заңнамаларында және құқыққолдану тәжірибесінде жиі қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдарды жүйелендіретін анықтамалық басылым. Сөздіктің ерекшелігі заңдық терминдердің орыс тіліндегі атаулары қазақ тіліне аударылып, олардың әркайсысына қысқаша түсінік берілген. пайдаланылған заң әдебиеттері мен нормативтік құқықтык актілердің тізімдері ұсынылған.
Ұсынылып отырған оқу құралы заң шығару саласында қызмет етуші заңгерлерге, зерттеушілерге, жоғарғы оқу орындарының заң факультетінің және заң колледждерінің студенттеріне, оқытушыларына, сондай-ақ құқықтану саласына қызығушылық танытқанбаршаға көмекші анықтамалық құрал ретінде пайдалы болады деген сенімдеміз.
КБЖ 82.3
Р 24
Рахымов Б.С. Қазак халқының рухани мұрасы: оқулық / Б.С. Рахымов. — Қарағанды: «Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті» КЕАҚ баспасы, 2021. — 188 бет. ISBN 978-9965-39-983-1 Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған бұл оқулық қазақ халқы- ның рухани мұрасын, салт-дәстүрлері мен асыл қазыналарының шығу тегі мен пайда болу заңдылықтарын түсіндіреді. Ел мен жерге деген махаббаттың халықтың ұл-қыздарының бойына дарып, санасында сәуле шашуының негізі ата- бабалар аманатына адалдықтан көрінетіндігіне көз жеткізеді. Кітапта тәуелсіздік шежіресі мен тағылымы, ұлттық рухтың негізі ел мен жер, тіл, ділде екендігі руханиятқа қатысты тұрғыдан тутастай баяндалады. Елімізде бүкілхалықтық қолдау тапқан «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсат- мұратына қатысты жазылған оқулықтың жас ұрпаққа берер лүғаты жеткілікті. Оқулық студенттер мен магистрлерге, ізденушілер мен көпшілік окыр- мандарға арналған.
Рахымберлина – аннотация.