100 новых книг: Новое поступление литературы

Уважаемые студенты и преподаватели!

Библиотека Академии “Bolashaq” предлагает вашему вниманию несколько новых наименований учебных изданий в рамках реализации государственной программы “Рухани жаңғыру” по проекту “Новое гуманитарное знание. 100 новых учебников на казахском языке”.

Библиотека приглашает читателей по адресу: улица Абая, дом 17.

Қ17
Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі /Құрастырғандар: Ш.Құрманбайұлы, С.Исақова, Б.Мизамхан, Г.Әлімбек, Г.Мамырбекова, Д.Боранбаев. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 596 бет.
ISBN 378-601-7943-72-1

Бұл сөздікте қазақ тіліне шет тілдерден енген 9 мыңға жуық сөз қамтылды. Сөздікке жалпыхалықтық тілдегі сөздер мен кең тараған терминдер алынып, олардың мағынасы түсіндірілді және шығу тегі көрсетілді. Ұсынылып отырған сөздік – қазақ тіліне латын, грек, ағылшын, француз, араб, парсы, испан, неміс, орыс, итальян, қытай, моңғол, португал және өзге де тілдерден әр кезеңде енген кірме сөздерді барынша кең қамтып отырған алғашқы көлемді еңбек. Сөздік мектеп оқушылары мен студенттерге, түрлі сала мамандарына, жалпы көпшілік қауымға арналған.

Алғы-сөз-18Скачать

Мазмұны-32Скачать

Титульный-30Скачать

О-50
Оксфорд әлеуметтік ғылымдар сөздігі. / К. Калхуның редакциясымен. қоғамдық қоры, 2019. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы».-480 бет.
ISBN 978-601 -7943-74-5

Оксфорд әлеуметтік ғылымдар сөздігі антропология, әлеуметтану, мәдениеттану, психология, саясаттану, филология, философия және экономика салаларының 1500-ден аса терминін топтастырған. Кітапта әлеуметтік ғылымдардағы негізгі теорияларға, концепцияларға, ғылыми әдістер мен өзге де құбылыстарға қысқа, бірақ
тұшымды анықтама беріледі. Оған қоса, ғылым салаларындағы негізгі ұғымдар мен заңдылықтар, үрдістер мен жаңалықтар түрлі көзқарас тұрғысынан сараланады. Терминологиямен қоса, сөздікте Франц Боастан бастап, Джон Мейнард Кейнс, Макс Вебер секілді әлеуметтік серпіліс әкелген 300-ге жуық ғалымның өмірбаяны мен ғылымдағы жаңалықтары кеңнен қамтылған. Сөздік гуманитарлық сала мамандары мен студенттерге, әлеуметтік ғылымдарга қызығатын жалпы көпшілік қауымға арналған.

Алғы-сөз-19Скачать

Мазмұны-33Скачать

Титульный-31Скачать

0-97
Блак Джон, Хашимзаде Нигар, Майлз Гарет
Оксфорд экономика сөздігі.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 608 бет.
ISBN 978-601-7943-75-2

Оксфорд экономика сөздігінде дүниежүзіндегі экономика жағдайы, экономикалық белсенділік, адамдар арасындағы, ел ішіндегі, елдер арасындағы экономикалық қатынас негіздері, банк ici, әлеуметтік қамсыздандыру теориясы, жұмыспен қамту және жұмыссыздық, ақша, несие және басқа да негізгі тұжырымдар бойынша түсініктермен қатар, ойын теориясы және эконометрика тұжырымдары да қамтылған. Сөздік экономика, гуманитарлық, техникалық және жаратылыстану мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттерге, экономика жазатын медиа мамандарына, зерттеушілерге және көпшілік оқырман қауымға арналған.

Мазмұны-34Скачать

Титульный-32Скачать