Новые книги по казахскому языку и литературе

Фонд библиотеки Академии “Болашақ” пополнился новыми изданиями, приобретенными кафедрой казахского языка и литературы.
В данной литературе рассматриваются вопросы методов перевода, методов и требований устного и письменного перевода, функциональная функция грамматики казахского языка, история формирования тюркских литературных языков.
Данная литература будет интересна и полезна студентам, магистрантам и преподавателям академии в учебном процессе, а также для самообразования.

Аударманың Өзекті мәселері

Мазмұны

Алғы сөз

ББК 81.2Қаз-2 Ж 81

Жұмсалымды грамматика (монография-оқулық). Алматы, “Мемлекеттік тілді дамыту институты”, 2016. – 508 б.

ISBN 978-601-7206-83-3

Еңбекте функционалды грамматиканың бастау көздеріне, грамматика теорияларының калыптасуына, функционалды және құрылымдық грамматиканың ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне, функционалды грамматиканың функция, функционалды семантикалық өріс, категориялық жағдаят ұғымдарына түсінік беріліп, қазақ тіл білімінде қарастырылған функционалды-семантикалық өрістер (аспектуальдылық, темпоральдылық, шақтық локальдылық/бейлокальдылық, таксис, модальдылық, жақтау (персональдылық), анықтық-танықтық, посессивтілік (меншіктік), болымдылық/болымсыздық, сан-мөлшер (квантативтілік). сын дәрежесі) қамтылды. Монография негізінен функционалды грамматика саласын зерттеуші ғалымдарға арналғанымен, оған білім беру саласын (окулыққа) тән мазмұндық бөліктер (семинар сұрақтары, өздік жұмыс тақырыптары мен тапсырмалар) енгізілді.

Кітап тіл білімі мамандарына, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналады.

Мазмұны

Редактордан

ББК 81.2Қаз Қ 22

Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар: (монография-оқулық)/ – Алматы: Мемлекеттік тілді дамьпу институты, 2016. 464 – б

ISBN: 978-601-7206-80-2

Еңбек “Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар” тақырыбындағы іргелі ғылыми зерттеудің нәтижесі ретінде ұсынылып отыр. Онда қазақ тілі синтаксистік құрылысының кұрылымдық-мағыналық және коммуникативтік парадигмалары қамтылады. Синтаксистік бірліктер деңгейлік жіктеу сатысымен ұсынылғанмен, басқа да аспектілері баяндалады. Синтаксистік бірліктердің бұрын белгілі болған сипаттарынан тысқары жаңа қырлары мазмұндалады. Монография бірыңғай ғылым аясында қалып қоймай, білім беру саласында да колданылуы үшін оқулыққа тән мазмұндық бөліктер (семинар, өздік жұмыс тақырыптары, тапсырмалар) енгізілді.

Кітап тіл білімі мамандарына, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналады.

Мазмұны

Редактордан

ББК 81.2Қаз Т 89

Түркі тілдері: Үжымдық монография / “Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы” РМҚК . – Астана, 2015.-456 б.

ISBN 978-601-7504-11-3

Кітапта түркі тілдес халықтар әдеби тілдерінің қалыптасу, даму тарихы, түрлі кезеңдердегі жағдайы мен мәртебесі, бүгінгі жетілу, даму үдерісі, қолданыс аясы мен қоғамдық қызметі және болашағы қарастырылып, зерттеліп-зерделенген.

Бұл қжымдық монография білім, ғылым жүйесі мамандарына, мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орнының профессор-оқытушыларына, студенттер мен магистранттарға, докторанттарға арналған.

Мазмұны

Алғы сөз

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.