Дар профессора Трофимова

Кандидат философских наук, профессор, преподаватель кафедры ООД КУ “Болашак” Трофимов Яков Федорович передал в дар библиотеке университета издания, выпущенные Алматинским акиматом в целях профилактики религиозного экстремизма, пропаганды правильной трактовки религиозных священных писаний, в частности, Корана – книги, содержащей изложение догм и положений мусульманской религии, мусульманской духовности и норм права.
Данные издания имеют историческую, научную, духовную ценность и займут достойное место в фонде нашей библиотеки.

​​УДК 28 ББК 86.38 Ә 19

Имам Ағзам Әбу Ханифа.

Имам Әбу Ханифа өсиеті. Әбу Ханифа, Имам Ағзам (аударған Р. Ілімбаев) — Алматы, 2014. — 30 бет.

ISBN 978-601-80505-8-9

Қолдарыңыздағы еңбек Ислам әлеміне танымал, ханфи мазһабының негізін қалаушы Имам Ағзам Әбу Ханифа Нұғман бин Сәбит әл-Куфидың әһлүсина уәл жамағат негізіндегі ақида іліміне арналған “Әл-уасия” кітабының аудармасы. Елі- міздегі мешіттер жанындағы діни сауат ашу үйірмелерінде оқытылатын оқулық. Кітаптың тиімділігі оқида негіздерін оқырманға жан-жақты ашып көрсетеді. Ақида терминдерінің таныс еместігі, һәм түсініктемені қажет ететіндей күрделілігі себепті терең, өз мағынасында түсіну үшін оны ұстаздың көмегімен оқыған абзал. Кітап имамдарға, ұстаздарға, мешіттер жанындағы діни сауат ашу үйірмелеріне арналған.

ІSBN 978-601-80505-8-9 © ҚР Дін істері агентгігі, 2014

УДК 28 ББК 86.38 Ә 19

Имам Ағзам Әбу Ханифа.

Әл-фиқһул әкбәр (Ең үлкен фикһ). Имам Ханифа Имам Ағзам (аударған Р. Ілімбаев) — Алматы, 2014. — 46 бет.

ISBN 978-601-7573-00-3

Қолдарыңыздағы еңбек Ислам әлеміне танымал, ханфи мазһабының негізін қалаушы Имам Ағзам Әбу Ханифа Нұғман бин Сәбит әл-Куфидың әһлү сина уәл жамағат негізіндегі ақида іліміне арналған “Фиқһул әкбар” кітабының аудармасы. Еліміздегі мешіттер жанындағы діни сауат ашу үйірмелерінде оқытьшатын оқулық. Кітаптың тиімділігі оқида негіздерін оқырманға жан-жақты ашып көрсетеді. Ақида терминдерінің таныс еместігі, һәм түсінікгемені қажет ететіндей күрделілігі себепті терен, өз мағынасында түсіну үшін оны ұстаздың көмегімен оқыған абзал. Кітап имамдарға, ұстаздарға, мешіттер жаньгадағы діни сауат ашу үйірмелеріне арналған.

ISBN 978-601-7573-00-3 © КР ДІн істері агентььігі, 2014

​​УДК 28 ББК 86.38 Ә19

Имам Әбу Хамид Ғазали.

Жан тәрбиесі “Дін ілімдерінің қайта жандануы” кітабынана аудармалар/Имам Әбу Хамид Ғазали — Алматы, 2014. — 146 бет.

ISBN 978-601-80505-4-1

Жалпы көпшілікке, мешіттер мен медреселердің оқы- тушыларына, шәкірттеріне, мұсылман және халықтық педагогикалық мектептеріне арналып оқырман   қолына тиіп отырған бұл дүние мұсылман әлемі әйгілі ғұламасының адамның өзін танып білуі арқылы бір Жаратушының барлығын мойындауы керектігі, жантану, тәнтану, ділтану мен тіл жайлы руханият мәселелерінің шындықтағы көрінісі     туралы философиялық көзқарастарынан тұ­рады.

Кітаптың ең басты ұйытқысы – мәні терең көптеген мысалдар, дәлелдер арқылы Алланың барлығына иландыру, имандылыққа шақыру.

Аударманың түпнұсқа қолжазбасы Әмзе Қалмырзаұлының жүйелеуі негізінде “Қасиет” баспасынан (Алматы, 1998 жыл, 120 бет) жарыққа шыққан. Бұл еңбек Қазақстан Республикасы Дін істері агенпігінің қолдауымен марқұм Тұрсынәлі Айнабекұлының отбасында сақталған нұсқадан құқықтық мұрагерлікті иеленуші балаларының келісімі бойынша көшіріп басылды.

ISBN 978-601-80505-4-1 © ҚР Дін істері агенттігі, 2014

УДК 28 ББК 86.38 Ш83

Шохаев Еркінбек Керімбекұлы.

Исламдағы дінаралық диалогтың орны./Е.К. Шохаев — Алматы, 2014. — 162 бет.

ISBN 978-601-8505-3-4

Қазіргі әлемді қақтығыстар мен қолайсыздықтардан құтқаратын бір ғана жол – конструктивті диалог болып отыр. Сондықтан бүкіл әлем дінаралық және өркениетаралық диалог мәселесін белсенді көтеруде.

Бұл үрдістен біздің еліміз де кейін қалып отырған жоқ. Оның айғағы – Елбасымыз Н.Назарбаевтың бастамасымен Астана қаласында үш жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі.

Халқымыз 11-12 ғасырдан астам уақыт өзін мұсылман ел ретінде танытып келеді. Осыған орай, қазақ халқы ұстанатын ислам дінінің жоғарыда аталған үрдіске көзқарасы, алар орны, қосар үлесі қалай болуы қажет деген сұраққа ғылыми- теологиялық тұрғыдан негізделген жауаптарды дайындау маңызды міндет болып табылды. Сондықтан Құран Кәрім аяттары мен Мұхаммед пайғамбар алайһи саламның хадистеріне негізделген бұл еңбек осы мақсатта өмірге келген болатын. Келесі кезекте бұл кітаптың аталған мақсатты жүзеге асыруға белгілі деңгейде өз үлесі болады деп үміттенеміз.

ISBN 978-601-8505-3-4 © ҚР Дін істері агентгігі, 2014

​УДК 2 ББК 86.2 Ә14

Әбдірәсілқызы А.

Дін. Дәуір. Дәстүр./А. Әбдірәсілқызы — Алматы, 2014. — 315 бет.

ISBN 978-601-80505-0-3

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, құрантанушы Айнұр Әбдірәсілқызының бұл еңбегінде заманауи сын-тегеуріндер жағдайындағы Қазақстан қоғамы үшін өзекті діни мәселелерді арқау еткен зерттеулер, мақалалар мен сұхбаттар топтастырылған.

Жинақ дін мәселелеріне қызығушылық танытушы қалың көпшілікке арналған.

ISBN 978-601-80505-0-3 © ҚР Дін істері агенттігі, 2014

​​​УДК 28 ББК 86.38 061

Оңғаров Е.А.

Қазақ мәдениетіндегі ислам құндылықтары./ Е.А. Оңғаров — Алматы, 2014. — 218 бет.

ISBN 978-601-80505-1-0

Бұл ғылыми еңбек ислам дініндегі құндылықтарды мәдени антропологиялық феномен ретінде қарастырып, қазақ мәдениетіндегі ислам дінінің этикалық ұғымдар бастауларын философиялық, тарихи, мәдени- еттану, дінтану секілді ғылымдар тоғысында, кең пәнаралық шеңберде зерттейді. Қазақстандағы мұсылмандық дүниетанымның аксиологиялық сипаттамасын мәдениеттанулық тұрғыдан талдайды.

Монография авторы жүзжылдық тарихы бар Әл-Азхар университетінің теология мамандығының бакалавры әрі магистрі, әл-Фараби атындағы Қазақ  ұлттық университетін “Мәдени антропология” мамандығы бойынша PhD докторантура білім беру бағдарламасын тэмамдаған PhD докторы Ершат Оңғаров қазақ мәдениетінің қалыптасуы мен даму процесіндегі ислам құндылықтар жүйесінің моральды-этикалық категорияларын анықтап, Ислам философиясындағы ел бірлігі туралы ойлар һақында, Қазақстан үшін дәстүрлі исламға жат радикалды ағым- дардың таралмауының оңтайлы мәселелері туралы ғылыми ізденіс- зерттеулерін қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық салаға нақты мәдениеттанымдық зерттеу ретінде ұсынып отыр.

Монография мәдениеттанушы, дінтанушы, философ, теолог мамандарға және Ислам кұндылықтарын тануды мақсат еткен ізденуші қауымға арналады.

ISBN 978-601-80505-1-0                  © ҚР Дін істері агенттігі, 2014

​​​УДК 28 ББК 86.38 И83

Исаұлы М.Иман мен дәстүр хикметтері./М.Исаұлы — Алматы, 2014. — 133 бет.

ISBN 978-601-80505-5-8

Өмір мағынаға, мәнге айналғанда ғана адамзат тіршілігі өз жолынан адаспай қалыпты дамитыны әмбеге аян. Қалыпты даму үшін де адамға сенім керек. Қоғамымызда болып жатқан әртүрлі оқиғалар, кедергілер, сынақгар адамға сан түрлі ой салып, тіпті сенімге селкеу түсіретінін ескерсек, осы ретте қолдарыңыздағы еңбектің берері мол.Кітап қалың жұртшылықтың жолдаған сауалдарына жауап ретінде жазылды.ISBN 978-601-80505-5-8 © ҚР Дін істері агенттігі, 2014

​УДК 28 ББК 86.38 И87

Исламдағы өзекті мәселелер жайында Сұрақ-Жауыптар./ Редакторы: Б. Кулекеев.

Құрастырушы А. Әбдірәсілқызы — Алматы, 2014. — 125 бет.

ISBN 978-601-80505-6-5

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің “E-islam” ақпараттық-ағартушылык порталымен бірлесе дайындаған бұл жинағында исламдағы қазіргі өзекті діни мәселелерге қатысты 40 сауалға білікті дінтанушы ғалымдар тарапынан берілген жауаптар топтастырылды.

Жинақ “Дін және қоғам”, “Дін және дәстүр” атты екі бөлімнен тұрады. Бүгінгі зайырлы қоғамда туындаған діни мәселелер мен ислам діні және қазақ дәстүрлерінің қатынасына байланысты өзекті сауалдарға оқырман осы еңбек арқылы жауап табады деген пікірдеміз.

Жинақ дін мәселелеріне қызығушылық танытушы қалың көпшілікке арналған.

ISBN 978-601-80505-6-5 © ҚР Дін істері агентгігі, 2014

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.