«Менің қалам – аңыз және ән» атты кітап көрмесіне саяхат.

«Bolashaq» академиясы кітапханасында Қарағанды қаласының 90-жылдығына орай «Менің қалам – аңыз және ән» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, келуші көрермендерге таныстырылды.

Көрмеге «Педагогика» кафедрасының «Педагогика және психология», «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» бойынша білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.

Көрме барысында кітапхана қызметкерлерінің Қарағанды қаласының тарихы жайлы дәрістері оқылып, қала туралы әдебиеттерге шолу жасалып, кітаптардың мазмұндары қысқаша таныстырылды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.