Сыйлыққа арналған кітаптар

2023 жылғы 7-8 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясының 30 жылдығына орайластырылған «Конституциялық реформа және сайлау жүйесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, оған 16 шет мемлекеттің  орталық сайлау органдарының және 6 беделді халықаралық ұйымның – Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығының, ЕҚЫҰ, ТМД Атқару комитетінің, Парламентаралық Одақтың, Түркі мемлекеттері ұйымының, ТМД ПАА Кеңесінің басшылары мен өкілдері қатысты. Іс-шараға сондай-ақ республиканың бірқатар мемлекеттік органдарының басшылары, ІІарламент депутаттары, ОСК жанындағы Сарапшылық кеңестің, аумақтык сайлау комиссияларының мүшелері, саяси партиялардың, ғылыми, білім беру, қоғамдық ұйымдардың, масс-медиа өкілдері, барлығы 200-ден астам адам қатысты.

Конференция барысында ОСК бастамасы мен қолдауы бойынша дайындалған және жарияланған ғылыми-практикалық еңбектердің тұсаукесері өтті:

  1. «Қазақстан Республикасы Орталык сайлау комиссиясына – 30 жыл. Қазакстан Республикасының сайлау жүйесін трансформациялау» монографиясы жеке-жеке қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде (ҚР ҰҒА академигі С.Т. Сейдумановтың басшылығымен ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының авторлық ұжымы), онда Қазақстанның саяси трансформациясының жаңа кезеңінде (2019 – 2023 жж.) сайлау жүйесін дамытуға басты назар аударылды;
  2. «Қазакстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына жеке-жеке қазақ және орыс тілдерінде баптар бойынша толық түсініктеме (авторлық ұжым ОСК жанындағы Сарапшылық кеңес мүшелерінен тұрды);
  3. Қазақстан Республикасында 2012 жылғы ақпаннан 2023 жылғы қарашаға дейінгі кезеңде өткен сайлау және республикалық референдумдар туралы акпараттық жинақ, II том» қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде (авторлық ұжым – ҚР ОСК мүшелері және аппараты).

Сайлау мәдениеті мен құқықтық ағартушылықты дамытуға жәрдемдесу мақсатында басып шығарылған еңбектерді ЖОО кітапханаларына жіберіп отыр. Басылымдар мамандарға арналған және оларды ғылыми-педагогикалық профессорлық-оқытушылық құрам қолдана алады.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.